Нақты және жаратылыстану пәндер ЦӘК апталығы аясында колледжде химия, физика және математика пәндерін біріктірген Интерактивті станциялармен «Ғылым күні» атты танымдық іс-шара өтті.
Іс-шараның мақсаты:
Студенттердің нақты және жаратылыстану пәндеріне деген қызығушылығын арттыру, оларды тәжірибелік және ойын түріндегі жұмысқа тарту арқылы топтық жұмыс дағдыларын, логикалық ойлау қабілетін және теориялық білімдерін іс жүзінде қолдануға жағдай жасау.
Бірінші курс студенттері 4 интерактивті станциядан өтіп, түрлі тәжірибелер мен логикалық тапсырмаларды орындады. Командалар кездейсоқ тәртіппен жеребе арқылы құрылды, ал тапсырмалар Educaplay платформасы және әділқазылар алқасы тарапынан бағаланды.
- Химия станциясында студенттер сода мен сірке қышқылынан «жанартау» реакциясын жасады.
- Математика станциясында π санын эксперимент жүзінде анықтады.
- Физика станциясында жұмыс істейтін электромагнит құрастырды.
- Финалдық станцияда үш пән бойынша білімдерін пайдалана отырып, ғылыми шифрды шешті.
Бұл іс-шара студенттерге теорияда меңгерген білімдерін іс жүзінде қолдануға мүмкіндік беріп қана қоймай, ғылымның қызықты әрі тартымды екенін сезінуге жол ашты. Интерактивті станциялар арқылы оқу процесі жанданып, әрекетке толы әрі есте қаларлықтай өтті.
Іс-шараны ұйымдастырып, өткізгендер:
жаратылыстану және нақты пәндерінің оқытушылары — Абылхалимова А.С., Ахметжанова С.О. және Жолтабарова О.В. Оқытушылардың бірлескен еңбегі студенттер арасында белсенділік пен ғылыми қызығушылықты арттырып, топтық рухты қалыптастыруға жол ашты.




